- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елордада әйел көшеден...
Елордада әйел көшеден тауып алған банк картасымен сауда жасаған
Елордада әйел көшеден тауып алған банк картасымен сауда жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бөтен адамның банк картасымен төлем жасады деген күдікпен елорданың 48 жастағы тұрғыны ұсталды.
"Тергеу барысында әйел қаланың сол жақ жағалауында көшеден басқа біреудің картасын тауып алғаны белгілі болды. Ол бірден жақын маңайдағы дәріханаға барып, 29 мың теңгеге витаминдер сатып алған", - делінген полиция хабарламасында.
Жәбірленуші телефонына ақша аударымы туралы хабарлама келгенде, картасын жоғалтқанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел істеген ісін мойындаған берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова