Елордада Астананың туған күніне орай 7 шілдеде ең ауқымды Kitap Fest кітап фестивалі өтеді. Өтетін орны: Астана қаласы, «Нұр Әлем» павильонының алдындағы EXPO аумағы.
«Kitap fest» кітап фестивалі – Қазақстанда 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ірі мәдени-бұқаралық іс-шара. 9 жыл ішінде ол шығармашылық жазушылық кездесулердің беделді және қуатты алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап таныстырылды. Кітап фестивалі қарапайым кітап алмасудан мәдени-ағартушылық іс-шараға айналып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Астана қаласында Kitap fest алғаш 2019 жылы өтті.
Биыл астаналықтарды Елорда күніне арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Мерекеде белгілі жазушылармен және блогерлермен кездесулер күтіледі: Үнзилә Мыңбай, Ұларбек Нұрғалым, Мирас Асан, Перизат Мырзахмет және тағы басқалар. 30-дан астам дүкендер, баспалар мен интернет-дүкендер тұтынушыларға фестиваль аясында арнайы жеңілдіктер ұсынатын кітап жәрмеңкесі. Сонымен қатар, қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастай алады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
Kitap Fest Астана бағдарламасы:
Сондай-ақ, фестивальде «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез-келген оқырман өз кітабын Қазақстанның ауылдық кітапханаларына өткізе алады.
Айта кетейік, KITAP FEST фестивалінің мақсаты-өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру.