Елордада алаяқ тауар тасымалдаған такси жүргізушісін алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Такси жүргізушісі тауар тасымалдаймын деп алданып қалғанын айтып, арыз жазған. Жедел іздестіру барысында полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің ақшасын алдап алған 30 жастағы ер адамды анықтады.
Алаяқ ұялы телефоны бар пакетті мекенжайға жеткізу үшін мобильді қосымшаны пайдаланып такси шақырған. Әңгімелесу барысында ол жүргізушіден ақша алып, сатып алушы сәлемдемені алған кезде оған төлейтініне сендірген.
Бұған сенген такси жүргізушісі келісіп, біраз уақыттан кейін көрсетілген мекенжайға жетіп, телефон нөмірін тергенде, телефон өшірулі болған. Ал кейін телефонды сатып алушы мүлде жоқ екені, жәшіктің ішіне қоқыс салынғаны анықталған.
Қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!