24-25 қазан күндері Астанадағы Қазмедиа орталығында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша Astana Agro Forum-2018форумы өтеді. Жиында Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады. Форум аясында АӨК салалық бағдарламаларын іске асыру, жер ресурстары, тұқым шаруашылығы, инвестициялар, ғылымды дамыту және ауылдық үкіметтік емес ұйымдар бойынша панельдік сессиялар өткізілетіні жоспарланған. AstanaAgroForum2018 шарасының ұйымдастырушысы 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ ұзақмерзімдік, салалық, инфрақұрылымдық және аймақтық бағдарламалардың механизмдерін таныстыруды және ашып көрсетуді мақсат етіп отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады. Бұл басты міндеті АӨК-те еңбек өнімділігін арттыру және алдағы 10 жылда ауылшаруашылығының өңделген өнімі экспортын 2,5 есе арттыруды міндет еткен ауқымды мемлекеттік жоба. Мемлекеттік бағдарлама аталған нәтижелерге қол жеткізу үшін ауылшаруашылғы өнімінің барлық түрлері бойынша өндіріс көлемін арттыру, технологияларды енгізу және инвестиция тарту үшін жағдайлар жасау, оның ішінде АӨК-ті кең көлемді цифрландыру, перспективалы салалар бойынша экспорттық жеткізудің аумағы мен көлемін кеңейту, өндірістің жоғары әлеуеті мен органикалық өнімдер экспорты, суарылатын жерлердің аумағын кеңейту және олардың тиімділігін арттыру, аграрлық ғылымды еңбек өнімділігі мен АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың драйверіне айналдыру үшін жағдайлар жасауды ұсынады.Осы және өзге де мәселелер AstanaAgroForum2018 барысында айтылатын болады. Мемлекеттік органдар өкілдері мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды үйретіп, саланың ұзақмерзімдік бағдарламаларының тұсауын кеседі, жобалар мен сервистік компаниялармен таныстырады. Сонымен қатар реформалар мен саланың проблемалары ашық түрде талқыланбақ. Панельдік сессиялардың бірі жер мәселесі мен оның шешу жолдарына арналғалы отыр. Казахмен Азаматтық альянсымен бірлесе отырып селолық ҮЕҰ конференциясы өтпекші. Онда аймақтарда және ауылдық жерлерде әлеуметтік аспектілерді дамытудың мәселелері қарастырылатын болады. Сонымен қатар қазақстандық бизнеспен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті шетелдік инвесторлар келеді деп күтілуде.