- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елордада 8-9 маусым...
Елордада 8-9 маусым аралығында Астана Халықаралық форумы өтеді
Елордада 8-9 маусым аралығында Астана Халықаралық форумы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Форумның басты тақырыбы - "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында".
Халықаралық іс-шара аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу. Осы мақсатта әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру.
Форумға қатысатын құрметті қонақтар тізімі: Катар мемлекетінің әмірі Шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желка Цвиянович, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бас директоры (ЮНЕСКО) Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисжахбана, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің (ДПВМ) көмекшісі Мирослав Анича, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры Ивана Живкович, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бас хатшысы Хельга Шмид, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Маргарета Седерфельт, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысы Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысы, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-бассо, Азия даму банкінің президенті (АДБ) Масацугу Асакава, Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войцеховский, Эфиопияның бұрынғы президенті Мулату Тешоме мырза, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі Ласина Зербо мырза, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Томас Гремингер, S&P Global төрағасының орынбасары Даниэл Ергин, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Рае Квон Чунг.
Форумға 1000-нан аса шетелдік қонақтар келеді.
Қандай мәселелер талқыланады?
- Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;
- Халықаралық даму және тұрақтылық;
- Энергетика және климаттың өзгеруі;
- Экономика және қаржы.
40-тан аса панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері - БҰҰ және CNN.
ҚР Үкіметі ұйымдастырған Форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.
Егер сіз форумға қатысуға мүдделі болсаңыз немесе серіктестік туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, мына сайт арқылы хабарласыңыз. Астана халықаралық форумының сайты: https://astanainternationalforum.org
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек