Елордада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ортақ тұтынатын орындарды күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда 2700-ден астам көпқабатты үйге дезинфекция жасалған. Сондай-ақ 2200-ден астам лифт кабиналары мен 9 мыңға жуық кіреберіс дезинфекцияланған.
Дезинфекция процесіне күн сайын жалпы саны 500-ге жуық адам және ондаған арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, дезинфекциялық жұмыстар қаланың барлық базарларында, медициналық мекемелерде, сауда орталықтарында, супермаркеттерде жүргізілуде. Сондай-ақ, блокпосттарда, балалар алаңы мен үй кіреберістерінде, үлкен көшелердің екі жағында тазалау жұмысы жасалады.