- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елорда тұрғыны үй...
Елорда тұрғыны үй аламын деп сан соғып қалған
Елордада алаяқ үй алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Полицияға Астана қаласының тұрғыны арызданып, баспананы төлеуге қабілетті адамдар санына жатпайтынын біліп, алаяқтың құрбаны болғанына арызданған. Әйел адам елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, қызмет көрсетуге көмектесетін таныстары бар екенін айтып сендіргені анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 900 мың теңге болады. Қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова