Елорда тұрғыны балалар лагеріне жалған жолдама сатқан

Елордада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерді пайдаланып бірнеше алаяқтық жасаған 23 жастағы ер адам ұсталды. Алдын ала деректер бойынша күдікті әлеуметтік желілердің бірінде Бурабайдағы демалыс аймағында орналасқан балалар лагеріне жолдама сатып алуды ұсынған.

Ол клиенттерден алдын ала төлемді банк картасына аударуды талап етіп, кейін байланысқа шықпай кеткен. Елорда тұрғыны баласын жазғы демалысқа жібермек болып, күдіктінің есепшотына 120 мың теңге аударған. Ақша қолына тиген алаяқ байланысын үзген.

"Ұсталған адамның осындай 15-ке жуық қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс аясында процессуалдық шешім қабылданады", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!