27 мамырда Астанадағы барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжаттарды офлайн да, онлайн да тапсыруға болады.
"Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформадағы кейбір техникалық іркілістерге байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", – деп мәлімдеді әкімдік.
1-сыныпқа қабылдау үшін мына құжаттар қажет:
- ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
- №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
- №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет.
Құжат қабылдау 31 тамызда аяқталады.
Бұған дейін Қазақстан мектептеріндегі бітіру емтихандарының мерзімі мен гранттар конкурсының өтетін күндері жарияланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек