Елорда мәртебесін алғалы бері Астанада қанша бала дүниеге келді?

Елорда мәртебесін алғалы бері Астанада қанша бала дүниеге келді?
Фото: depositphotos.com

Астана елорда мәртебесін алғалы бері қалада қанша бала дүниеге келді? Massaget.kz тілшісі мерекеге орай қала әкімдігіне ресми сауал жолдады.

2024 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша қала халқының саны 1 миллион 458 мың адам болды. Халықтың табиғи өсімі - 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 7556 адам (былтырға қарағанда 7748 адам).

2024 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны - 9441 адам (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,2 пайызға азайды), қайтыс болғандар саны 1885 адам (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 10 пайызға өсті).

elements.envato.com

"Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Астана астана мәртебесін алғалы бері қалада 475 509 бала дүниеге келді", - деп жазылған жауапта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова