- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елорда күнінде Астанада...
Елорда күнінде Астанада қайда баруға болады?
Елорда күніне санаулы күндер қалды. Мереке Астана тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлайды деп күтілуде. Алда болатын шаралар туралы толығырақ афишадан біле аласыз.
3 шілде - Elle Style Awards Kazakhstan 2016 сыйлығымен марапаттау (Бейбітшілік және келісім сарайы, 17:00);
4 шілде - ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған «Жан досым» концерті өтеді (Конгресс-холл, 18:00);
4-5 шілде - «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалі («Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залы, 19:00);
4-6 шілде - Халық аспаптар оркестрінің IV халықаралық музыкалық «Серпер» фестивалі (қалалық алаң, 17:00);
4-6 шілде - Астана аспаны халықаралық фестивалі (Сарайшық көшесі бойындағы көпір маңындағы жағалау, 12:00);
4-6 шілде - Евгений Плющенконың «Снежный король-2» ертегі-шоуы («Қазақстан» спорт сарайы, 16:00 және 20:00);
5 шілде - «Көңілді Астана» әзіл-сықақ кеші (Конгресс-холл, 18:00 және 21:00);
6 шілде - Турецкий хоры қатысуымен өтетін Халықтық караоке («Бәйтерек» монументі маңындағы алаң, 21:00);
6 шілде - Ақындар айтысы (Конгресс-холл, 15:00);
6 шілде - АБК және «МузАрт» топтарының, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі және Тұрсынбек Қабатовтың қатысуымен «Ұлытау Ұлы» концерті («Алау» мұз сарайы, 19:00);
8 шілде - Ұжымның 15 жылдығына арналған «МузАрт» тобының концерті(«Қазақстан» орталық концерт залы, 16:00 және 20:00).
Н. Нұрмаханұлы