"Елорда жастары сыйлығы – 2019" байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Қала әкімі Алтай Көлгінов қатысушылар мен жеңімпаздарға жылы лебізін білдіріп, жүлдегерлерді марпаттады.
"Бүгін елорданың әр сала бойынша үздік жас маманы мен өз ісінің шеберін анықтаудамыз. Елбасының ұсынуымен биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Осы орайда бұл шара жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы десек те болады. Әрине бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді. Мемлекет өз тарапынан өзін дамытамын деген жастарға түрлі мүмкіндіктер жасап отыр. Біздің жастарымыздың барлық сала бойынша ауыз толтырып айтатын жетістіктері жеткілікті. Бұның барлығы еңбектің арқасы. Нұр-Сұлтан қаласы жастардың қаласы, армандар орындалатын қала. Бүгінде біздің астанамызды әлем таниды, елордамыздың дамуына жастардың қосқан үлесі зор", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Байқау жеңімпаздарына 100 мың теңгенің сертификаты мен естелік сыйлықтар табысталды. Айтулы кеште елімізге белгілі өнер жұлдыздары Маржан Арапбаева, Ринат Мальцагов, Әміре, Рүстем Жүгінісов, Диас Аблаев және тағы басқа өнерпаздар өнер көрсетті.
"Елорда жастары сыйлығы – 2019" байқауының жеңімпаздары:
1. Эстрада – Мирас Жүгінісов;
2. Ғылым – Қуаныш Ерсаханов;
3. Журналистика – Риза Данияр;
4. Кино және театр – Самат Әзімқұлов;
5. Ұлттық өнер – Әсел Әлібекова;
6. Спорт – Мадияр Мусаифов;
7. Мемлекеттік қызметкер - Таңшолпан Ерманова;
8. Әлеуметтік саланың үздік қызметкері – Жүнісәлиевтер отбасы;
9. Қоғамдық қызмет – Асылбек Әбдурашитов;
10. Өндірістің үздік қызметкері – Сабина Отарова;
11. Заманауи шығармашылық өнер – Ақбота Тоқтасынова;
12. Үздік студент – Абдрауф Орал;
13. Үздік жастар театры – "Шаңырақ" театры;
14. Жас кәсіпкер – Айгерім Бапанова;
15. Жыл волонтеры – Мирас Мұрат.