- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елорда әкімдігінде тұрғын...
Елорда әкімдігінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері талқыланды
Елорда әкімдігінде заңнаманы бұза отырып салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Отырыста «Асар» РҚБ нысанының құрылысына қатысты мәселе қаралды, оның төрағасы К. Бодауханның аз қабатты үйлерге инженерлік желілердің құрылысы бойынша жобалық құжаттарды «Мемсараптама» РМК-сіне тапсырғаны туралы мәлімдемесі назарға алынды.
ВАК елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына және Жер қатынастары басқармасына ТҚК атына жер телімін рәсімдеу мәселесін қарастыруды ұсынды.
«Тұран» және «Айсанам» тұрғын үй кешендері бойынша ВАК «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ филиалына «Тұмар» ТК құрылысының 1-ші кезегінің шекарасында басқа жер пайдаланушылардың жоқтығы туралы анықтама алуға көмектесу, ал құрылыс салушыға нысанды пайдалануға тапсыру жұмыстарын жеделдету ұсынылды.
«Әзірет Астана» ТҚК-сіне қатысты ВАК мүшелері елорданың Сәулет және қала құрылысы Басқармасына «БМГ Астана» ЖШС-інің нысанын инженерлік желілерге қосу мүмкіндігін қарастыру, отырысқа жаңа инвесторды шақыру ұсынылды.
«Жастар-4» ТК нысаны бойынша кешеннің екінші кезегінің құрылысына рұқсат беру бойынша мәселені жер комиссиясының қарауына енгізу туралы ұсыныс жасалды.
«Астана стройинжиниринг» ЖСШ директоры З.Р. Мәсенованың «Имбейс» ТҚК жылыту маусымы аяқталған соң «Гранитный» ТК-сіне жылу трассасының желілеріне тексеру жүргізетіні туралы мәлімдемесі назарға алынды. Кездесуде «Гранитный» ТК жылу трассасы желілеріне тұрақты схемасына қосу үшін 2017 жылғы көктемде құрылысы жүріп жатқан балабақшаға жылу құбырларын салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
«Атлант Инжиниринг» ЖШС нысандары бойынша ТК директорларының түрлі мәселелер бойынша мәлімдемелері назарға алынды.
«ҚазГазАстана» ЖШС нысандарының құрылысын аяқтауға қатысты «Зере-1» ТК инвесторы Н. Сверкунованың цессий келісімдері арқылы баспананы сату туралы мәлімдемесі назарға алынды.
ВАК мүшелері «Зере-1» ТК және «Зере-2» ТК инвесторларына қылмыстық іс аяқталған соң ТҚК-ге «Марсель» ТК, «Алтын ұя» ТК инвесторлары кіретіні туралы шешім қабылданғаны түсініктеме берді. «Арыстан» ТК құрылысы шеңберінде ВАК мүшелері инвесторлардың бастамашы тобына құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін ТҚК ұйымдастыру бойынша түсініктемелер берілді.
«Скай Сити» ТК («Grand Elite-NS» ЖШС) нысаны бойынша ВАК сот процесінің қорытындысы бойынша құрылысты аяқтау мәселесін қарастыру туралы ұсыныс жасады. «Төленді» ТҚК тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша келесі мәлімдеме назарға алынды: «Аниса-1» ТК инвесторларының бастамашы тобының өкілі З. Абраеваның жобалық құжаттар бойынша сот тәртібімен «Мемсараптама» РМК-сінің қорытындысын алу туралы, «Абат» ТК инвесторларының өкілдерінің «Успешный дом» ТҚК құрылғаны туралы мәлімдемелері.
ТҚК мүшелеріне Абайдың 150 жылдығы көшесінде орналасқан нысан заңсыз салынған бұл ғимаратты бұзу туралы сот шешімі бар болғандықтан олнысан заңдастыруға жатпайтыны туралы түсініктеме берілді.
T. Кіршібаев