- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Элон Маск инженерлер...
Элон Маск инженерлер дайындайтын мектеп ашты
Америкалық инженер әрі миллиардер Элон Маск өз компаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа мектеп ашты. Бұл туралы ол Бейжің телеарналарының біріне берген сұхбатында айтып өтті.
«Ad Astra» мектебінің ашылуына Элон Масктың өз балалары себеп болған. Миллиардердің айтуынша, оның балалары қарапайым мектепте жеткілікті дәрежеде білім ала алмайды. Бұл мектепке оның жеткіншектерімен бірге SpaceX компаниясы қызметкерлерінің балалары да барады екен.
Мектептің негізін салу үшін ол бұл саладағы тәжірибелі ұстаздарға жүгінген. Ал мектептің білім беру жүйесі мүлде өзгеше болып, мемлекеттік құрылымнан айтарлықтай айырмашылыққа ие екен. Мектептің басты мақсаты балалардың қызығушылын дамытып, өздері қалаған бағытқа баулу болып табылады.
Қазіргі кезде Масктің мектебі тәжірибе жүзінде сынақтан өтуде. Әртүрлі әдістердің нәтижесі бойынша, сапалы білімнің деңгейі байқалатын болса, Элон өз балаларын осы мектепте оқытуды жалғастырады.
Ж. Өрісбай