- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізге Францияның арнайы...
Елімізге Францияның арнайы инспекциялық тобы келді
Франциядан келген бір топ әскери инспекторлар Қапшағай, Аягөз гарнизондарына қарасты 32363 және 10810 әскери бөлімдерінде барып, тексеріс жұмыстарын өткізді.
2018 жылға арналған сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде ұйымдастырылған инспекцияның мақсаты, әскери ақпарат алмасу барысында Қазақстан ұсынған жеке құрамның, бригадалардың қару-жарағы мен әскери техникасының негізгі жүйелерінің саны туралы деректерді бағалау.
Атаулы әскери шара барысында Франциядан келген топ жергілікті әскери бөлім командирлерінің қатысуысмен брифинг өткізіп, инфрақұрылыммен танысты. Францияның верификациялық орталығы мен ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың басшылығы арасында кездесу ұйымдастырылып, бірқатар мәселелер бойынша кеңес өтті. Соның ішінде 2019 жылға арналған екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары құрылып, осы құжатқа қол қойылды.
А. Қажиев