Биыл 24-26 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ауылшарушылық министрлігі ветеринарлық бақылау комитетіне Ресей федерациясы фитосанитарлық және ветеринарлық федералды қызметінен арнайы екі хат түскен еді. Еліміздің Ауылшарушылық министрлігі хаттамаларға ресми түрде жауап жазды.
Хаттардың мазмұнына көз жүгіртсек, Ресей федералды қызметі Норвегия елінен импортталатын балық өнімдерін уақытша бақылауды тоқтатқан. Нәтижесінде, балық өңдеумен айналысатын Норвегияның 14 кәсіпорны 24 тамыздан бері өз өнімдерін Еуразия Экононимикалық Одағының территориясына кіргізу мүмкіндігінен айырылып отыр. Ал ЕЭО кеңесі бойынша бекітілген импорт шартының 73-бөлімінде одақ аймағына енетін кез келген тауар ортақ бақылаудан өтуі тиіс екендігі туралы жазылған. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауылшарушылық министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті Ресей әріптестерімен келіспейтіндігін мәлімдеді.
Одақ шартының 69-бөліміне орай, Ресей территориясына ЕЭО атынан шешім қабылдап, импорт өнімдерін бақылайтын Ресей федералды қызметі белгісіз себептермен тексеру жұмыстарын жүргізбеген. Ендеше тексеру барысы орындалмағандықтан, орыстың бақылау комитеті тауар айналымын жабуға да құқылы емес.
Сонымен қатар, Норвегияның балық өңдеу кәсіпорындары Қазақстан территориясында да жұмыс істейді. Ал компания шетелдік болғанымен, тауарды Қазақстан аймағында өңдейді. Демек бұл өнім ЕЭО ішкі айналымында еш кедергісіз саудаға енуі керек. Егер Ресей норвегиялық компанияларға шектеу қойса, сәйкесінше отандық тауар да шектеледі. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Ауылшарушылық министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті Ресей шешіміне кері пікір айтты.