Шардара ауданының спортшылары Өзбекстанда өткен әлем кубогында 48 алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қол күрес шеберлерінің орталығы - Шардара ауданының спортшылары Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласына армрестлингтен Әлем кубогына қатысты.
"Ел намысын арқалап барған өрендер байрақты бәсекеде өз мықтылығын тағы бір дәлелдеп, 48 алтын алқаны қанжығалады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!