- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздің оңтүстігінде ауа...
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі
Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, батыстан шығысқа қарай ауысып бара жатқан циклон кей жерлерде жауын-шашын мен желді күшейтеді. Осыған байланысты солтүстік, шығыс және республиканың орталығы 3-13 градус жылы болады.
"Қазанның 27-29 аралығында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күндізгі ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі, ал батыста керісінше температура 7-15 градустан 0-8 (+) градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суық.