Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қылмыс 5,3 пайызға (140 272-ден 132 778-ге) азайған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыс деңгейі Маңғыстау облысында 12,2 пайызға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5 пайызға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6 пайызға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6 пайызға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8 пайызға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6 пайызға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7 пайызға (5084-тен 5120-ға) дейін өскен.
Ең көп қылмыс Алматы - 24 965 (18,8 пайыз) және Астана қалаларында - 17 339 (13,1 пайыз), Алматы - 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды - 7 562 (5,7 пайыз) облыстарында жасалған.
"Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жалпы санының 34 пайызы - алаяқтық (45 156), 23 пайызы - ұрлық (30 593), 6,3 пайызы - есірткі қылмысы (8 363), 1,2 пайызы - тонау (1 551), 1,2 пайызы - бұзақылық (1 615), 0,8 пайызы - мал ұрлығы (1 051), 0,4 пайызы - адам өлтіру (566), 0,3 пайызы - зорлау (421), басқа құқықбұзушылықтар - 32,7 пайыз (43 462)", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар ұрлық 28,3 пайызға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9 пайызға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы - 33,5 пайызға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы - 42,2 пайызға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді.
Сондай-ақ мал ұрлығы да 30,9 пайызға (1520-дан 1 051-ге) азайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес