Елімізде су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"NASA" спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша қазіргі таңда Қазақстанның 72 пайыз аумағын қар басып жатыр.
Гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы Серік Ибраев болжам неге сүйеніп жасалғанын айтты.
"Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді", - дейді ол.
Ибраев гидрологиялық болжамға сәйкес, жоғарғы қауіптегі аймақтар анықталғанын атап өтті.
"Қатерлері жоғары өңірлер жазық аумақтарда олар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары. Ал орташа қатер Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарында. Су тасқынының қаупі ең аз аймақ Маңғыстау облысы саналды", - деді Серік Ибраев.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз