Еліміздің бірнеше өңірінде өзендер тасуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазгидромет мамандары Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын түсіп, күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Қарағанды, Ұлытау облыстарында мол жауын-шашынның, еріген қар суының салдарынан елді мекендерді және жолдарды су басуы мүмкін. Қазір еліміз бойынша су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз