Синоптиктер 18 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.