Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тек орталық пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде Атырау облыстарының кейбір аудандарында жел тұрады. Жамбыл облысында жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жел тұрады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: bnews.kz