- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздің батысы мен...
Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады
Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қалған аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік өңірлерде жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел соғады. Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қаақстан, Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында тұман түседі деп күтілуде.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей елді мекендерінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы