- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздің басым аумағында...
Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай онайды, жел соғады. Елдің шығысы мен орталығында күн ашық.
Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с дейін барады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында да жел соғады.
Маңғыстау облысын тұман басады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық болады деп күтілуде. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы