1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделеп, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны басталуын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Өзгеріс оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
"Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Қазір база бірнеше мәрте тесттен өткізіліп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстырамыз", - деді министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова