Еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл мектебінде болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Оның құрамында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.
Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.
Еске салайық, 2022 жылғы 30 наурызда білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!