Еліміздің 4 облысында жол жабылды

Еліміздің 4 облысында жол жабылды
Фото: ҚазАвтожол

Елімізде республикалық маңызы бар 8 тасжолда қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күн жылынуы мен қар тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарындағы 4 тасжолда жалпы ұзындығы 4300 метр су тасқыны болған. Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 тасжолда (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды", – деді ҚазАвтожол баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 техника мен 411 адам жұмылдырылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Ордабаев