- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздің 13 өңірінде...
Еліміздің 13 өңірінде жаяу бұрқасын соғып, тұман және көктайғақ болады
"Қазгидромет" синоптиктері елдің 13 өңірінде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде түнде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Шымкентте оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігін тұман басады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
8-10 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман, 09-10 ақпанда көктайғақ болады.
Алматыда 8-10 ақпанда кей уақытта тұман, 09-10 ақпанда жолдарда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының оңтүстігінде тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан