- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздің 13 облысын...
Еліміздің 13 облысын су басып қалуы мүмкін - Экология министрлігі
Биыл көктемдегі су тасқыны кезінде еліміздің 13 облысын бірден су басып қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Ведомство мәліметінше, қауіп екі облыста - Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ғана төмен. Ұлытау мен Павлодарда да жағдай сын көтермейді, қалған аймақтарда жауын-шашын нормадан 2-3 есе көп болды.
"Жауын-шашын нормадан 28-ден 50-ге дейін, ал кей жерде 90 пайызға дейін көп болды, сондықтан біз биыл су көп болады деп болжаймыз. Барлық дерлік аймақта су тасқыны болады деп болжанады және барлық аймақ жоғары су тасқыны қаупіне ұшырауы мүмкін", - деді Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Саиров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек