Еліміздегі танымал жұлдыздардың тіс дәрігері, білікті маман Айгерім Аманқосқызы тіс күтіміне қатысты бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман көпшілік адам тіс күтіміне мән бермейтінін айтты.
"Бәрі ауыз қуысынан басталады. Құрттаған тістен бактерия іш құрылысына өтіп, ағзаның көптеген ауруына әкеледі. Салауатты өмір салты, ағза тазалау ең алдымен тіс профилактикасынан басталу керек", - дейді ол.
Маман соңғы кездері науқастар арасында тіс жұлдырған соң дәрігер ұсыныстарын сақтамағандықтан, тіпті адам өлімі де болып жатқанын ескертті. Бұл алдымен адамдардың жауапкершілігінің жоқтығы мен тіс күтіміне мән бермеуінен дейді маман.
Тіс дәрігері тіс жұлғаннан кейін жарақат үстіне дәкеден жасалған тампон қойылатынын айтты. Ол қанды тоқтатуға көмектеседі және жарақатталған тіндерді түрлі микробтардан қорғайды.
Айгерім Аманқосқызының айтуынша, тіс жұлдырған соң мына нәрселерді мүлдем істеуге болмайды:
Маман жұлынған тістің орны тез жазылуы үшін не істеу керегін айтты.
"Жылы, жұмсақ, сұйық тамақ ішу керек. Сондай-ақ хирургке барсаңыз, 1-2 тігіс түсіріп береді. Бұл әрекет жарақат орнының қабынуынан сақтайды", - дейді тіс дәрігері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!