Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды
Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 868 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 252,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 615,6 миллиард теңге қарастырылған.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 524 мың адам.

"2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget