Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы Олжас Қабенов еліміздің халықаралық жолдарындағы интернет қашан дұрысталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ұлттық жоба ретінде біз инфрақұрылымды салуға шамамен 61 млрд теңге және мобильді интернетті қамтамасыз етуге шамамен 30 млрд теңге жұмсауды жоспарладық. 30 – операторлар өз есебінен, 61-республикалық және жергілікті бюджеттен, - деді Қабенов.
Сондай-ақ Қабенов сапалы интернет ең алдымен республикалық маңызы бар жолдарда болатынын атап өтті. Жоба 2024 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!