- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздегі бірқатар өңірде...
Еліміздегі бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 19 қарашада бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атап айтсақ, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және батыс жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ал Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыс, батыс 15-20 жел, облыстың солтүстігінде, шығысында кейде екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр.
Қарағанды облысында көктайғақ күтілуде. Түнде Батыс жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында кейде қатты жаңбыр, тұман және солтүстік-батыс жел, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау және Павлодар облыстарында Шығыс, оңтүстік-шығыс желдер, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, түнде боран болады деп күтілуде. Жел солтүстік-батыс, батыс түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м / с.
Абай облысында көктайғақ, төменгі боран, тұман мен жел, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы