- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде зейнетақы жинағын...
Елімізде зейнетақы жинағын бизнеске салуға рұқсат берілуі мүмкін
Ел азаматтарына зейнетақы жинағын шағын және орта бизнеске салуға рұқсат берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылайша қаржыны инвестициялау мүмкіндігін кеңейтуді ұсынды. Жаңа ереже қоғам талқылауына шығарылды. Талап бойынша, шағын және орта бизнестің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі керек. Сондай-ақ, "Даму" кәсіпкерлік қоры мен Қазақстанның Даму банкінің кепілдігі болуы қажет. Ол бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 пайыз жабуға тиіс. Сонымен қатар, Қаржы агенттігі отандық брокерлерге шот ашу үшін шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек