- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде зағип жандардың...
Елімізде зағип жандардың ақпаратқа қолжетімділігі артады
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Марракеш келісімін қарауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов келісімнің маңызына тоқталды.
"Марракеш келісімі көру қабілеті бұзылған немесе зағип азаматтар үшін кітаптар мен басқа да баспаларды қолжетімді үшін қабылданған. Шарттың басты мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін кітаптарды, мысалы, брайль шрифіне, аудио форматқа аудару үшін авторлық құқық иегерлерін тікелей рұқсатынсыз оны аударып, қолдануға мүмкіндік беру.
Қазақстан азаматтары үшін бұл келісім керек, яғни олардың ақпаратқа қолжетімділік мүмкіндігін кеңейтеді. Сондықтан біздің комитет осы келісімді тиісті қорытынды әзірлеуге дайын", - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар келісімді қарауға алды.
Айта кетейік, кейбір деректер бойынша Қазақстанда 90 мыңға жуық зағип жан бар. Оның 6 мыңы балалар.
Зағип жандардың 50 пайызына жуығы білімге қол жеткізе алмай жүр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен