- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде тұрғындары ең...
Елімізде тұрғындары ең жас өңір анықталды
Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пайызға өсті. Өңірлер арасында тұрғындары ең жас өңір Маңғыстау облысы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 болды, осылайша, көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайызға өсті (26,6 2021 жылы). Бұл 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді дегенді білдіреді.
Өңірлер арасында ең жоғары индекс ШҚО-да, онда көрсеткіш - 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы тұр, көрсеткіш - 56,3. Одан кейін Қостанай облысы, көрсеткіш - 48,9.
Халқы ең жас өңір - Маңғыстау облысы, кейінгі 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Облыста 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.
Сондай-ақ, қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында, онда көрсеткіш - 11,3 және Шымкент қаласындағы көрсеткіш - 11,7.
Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, яғни 30,7 және 24,5 болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова