- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде тұрғын үйді...
Елімізде тұрғын үйді сақтандыру міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда жұрт көп жиналатын нысандар мен үйді сақтандыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде ТЖМ бастамасы бойынша "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру нормасы енгізіледі.
"Бүгінде заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. 2028 жылға дейін сақтандырудың осы түрін толық енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Қазір заң аясында ең алдымен (міндетті сақтандыруды) жұрт көп жиналатын нысандар мен көпқабатты ғимараттарға енгіземіз. Заң күшіне енсе, (сақтандыруды) басқа нысандарға біртіндеп енгізетін боламыз", - деді Ерлан Төрегелдиев ТЖМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен