Елімізде таяу күндері ауа райы бұзылады. Синоптиктер 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер мәліметінше, таяу күндері Қазақстанда жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған Сібір антициклонының сілемдері бұзылады және шығысқа қарай жылжиды. Оның орнына Каспий теңізінен атмосфералық фронттар мен циклон келеді.
"Соған сәйкес алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа райы бұзылады, жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ болады. Сонымен қатар желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Температура көпжылғы орташа мәннен 1-5 градус, оңтүстікте 5-10 градус жоғары болады", − деп хабарлады метеорологтар.
Дереккөз: tengrinews