ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға кеңес берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жыл басынан бері суицид белгілері бар 43 интернет ресурс анықталған.
"Суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесінде анықталады. Суицид жасау мен соған әрекеттенудің 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығында, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жасайды", – деді Шыңғыс Алекешев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған байланысты ІІМ ресми өкілі ата-аналарға кеңес берді:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!