- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде су тасқыны...
Елімізде су тасқыны күшеюі мүмкін - "Қазгидромет"
Қазақстанда күннің күрт жылуына байланысты солтүстік пен шығыста су тасқыны күшеюі мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК гидрологиялық болжам басқармасының басшысы Серік Ибраев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Солтүстік және шығыс өңірлерде (су тасқынының күшею - еск.) қаупі сақталады. Мысалы, Шығыс Қазақстанның солтүстік жартысында, таулы аудандарда және Солтүстік Қазақстан облысында қар жатыр. Жауын-шашын жауғаннан кейін қар ериді. Сондықтан бұл өңірлерде су басу қаупі сақталады", - деді Серік Ибраев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзін "Қазгидромет" РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Исабекова Жұлдыз толықтырды.
"10-20 сәуір аралығындағы ауа райы болжамына сүйенсек, алдағы 3-5 күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде кей күндері қатты жауын шашын жаууы мүмкін. Сондай-ақ, алдағы 3 күнде батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте ауа температурасы түнде плюс 5-10 градусқа дейін жоғарыласа, күндіз 15-25 градусқа дейін жоғарылайды. Солтүстік, орталық, шығыста түнде минус 0-5 аяздан, плюс 3-8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз плюс 3-8 градустан плюс 10-15 градусқа дейін көтеріледі. 15-20 сәуір аралығында еліміздің ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз плюс 20-28 градус жылы болады", - деді басшы.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz