- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде оқушы қыздарға...
Елімізде оқушы қыздарға қауіпті ауруға қарсы екпе қашан салына бастайтыны белгілі болды
Күзде еліміздегі оқушы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы екпе салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
2024 жылдың үшінші тоқсанында 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе салу науқаны басталады.
Мамандардың айтуынша, жыл сайын 2 мың қыз-келіншек осы қатерлі дертке шалдығып, оның 600-і сол жылы-ақ көз жұмады. Бұл - күн сайын кемі 4 әйел ауру жайлы біліп жатыр деген сөз.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе салу үшін бюджеттен 9 миллиард теңгеге вакцина алу қарастырылғаны хабарланды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова