Қазақстанда 732,1 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 52%-ы немесе 381,6 мыңы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Ал олардың үштен бірі немесе 118,2 мыңы белсенді еңбек қызметіне тартылған (31%). Мүгедектігі бар азаматтар қалай жұмыс таба алады? Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін қандай шаралар жасалып жатыр?
Электронды еңбек биржасынан қарау
Мүгедектігі бар азаматтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.kz сайтынан бос жұмыс орындарын іздей алады. Мұнда мүгедектігі бар азаматтарға арналған бөлек бет бар. Сайтта түйіндемеңізді жариялауға, "Жеке кабинет" ашуға, жұмыс берушілерге өтініш қалдыруыңызға болады.
Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласу
Мүгедектігі бар азаматтар жергілікті атқарушы органның Жұмыспен қамту орталығына хабарласуына болады. Орталықтарда осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын бөлім бар.
Egov.kz порталына тіркелу
Мүгедектігі бар азаматтар Еgov.kz электрон үкімет порталына жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.
Ол үшін сайттағы "Жұмыс іздеушілерді тіркеу" қызметін пайдалану керек. Қызметке тапсырыс беру барысында жұмыс іздеуші 3 кезеңнен өтеді:
Өтініш сәтті жолданғанының белгісі ретінде жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.
Бос жұмыс орындарын жариялайтын басқа да сайттарға түйіндеме қалдыру
Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бөлімі болмаса да, қолданушы бұл сайттардан өзіне сай келетін жұмысты таба алады. Мысалы, Hh.kz, Market.kz, Zarplata.kz, Jooble, Qyzmet.kz, Joblab.kz, Olx.kz сайттарына түйіндеме қалдыра аласыз.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Massaget.kz тілшісіне қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту 3 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатырғанын хабарлады:
Бірінші, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау.
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді.
Екінші, арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау.
2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.
Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар үшін 45 арнайы жұмыс орны құрылды.
2023 жылдан бастап жабдықталған арнайы жұмыс орындарына алынатын мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:
Үшінші, кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында қайтарымсыз гранттар беру.
Сондай-ақ басқа да шаралар шеңберінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады.
Мысалы, кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК-ке дейін қайтарымсыз гранттар беріледі. "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқытады.
Жұмыс орындарын субсидиялау мақсатында іске асатын "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және т. б. бағдарламалар бар.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту, оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту жұмыстары жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мекенжайы бойынша тиісті мансап орталығына жүгіну арқылы консультациялық қызметтер ала алады.
Жөргек, арба: мүмкіндігі шектеулі балаға мемлекеттен тағы не беріледі?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!