- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде майнинг фермалары...
Елімізде майнинг фермалары 36 млрд теңге заңсыз пайда тапқан
Қазақстанда кейбір майнинг фермалары заңсыз жұмыс істеп, 36 млрд теңге пайда тапқаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агентігіне сілтеме жасап.
Елімізде киберқылмысты анықтау және жолын кесу үшін ҚМА-да арнайы бөлімшелер құрылды. Нәтижесінде цифрлық активтердің заңсыз айналымы мен майнингке қатысты 36 млрд теңгеден асатын 18 қылмыс анықталды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету, бұлтты бухгалтерия құру және коммуналдық қызмет сапасына байланысты түсетін шағымдарды цифрландыруға бөлінген мемлекет қаражатын жымқырудың 3 дерегі тіркелді.
Агенттік "Қазақстанның цифрлық активтер туралы" заңына сәйкес елімізде цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жатады, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі "Астана" халықаралық қаржы орталығы іске асырылатынын ескертеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен