- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде көкжөтелден сәби...
Елімізде көкжөтелден сәби өлімі тіркелді
Фото:
©️ depositphotos.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова биыл Қарағанды облысында көкжөтелден сәби көз жұмғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 9 наурызда Қарағанды облысында сәби көкжөтелден көз жұмды. Оның жасы – 1 жас 11 ай. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жағдайға сараптама жүргізілді Біріншіден, бала шала туған. Екіншіден, екпе алмаған, ауруханаға кеш түскен. Аурудың асқынуы салдырынан сәбиге көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес", - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан соң.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен