- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде қиын жағдайға...
Елімізде қиын жағдайға тап болған балалар қайда хабарласа алады?
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда қиын жағдайда тап болған балалар қайда хабарласа алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мұндай жағдайда балалар 111 нөміріне хабарласа алады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Балалар осы нөмірге хабарласып, болған жағдайды айтып, түсіндіре алады", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында бес жыл бойы 3 бала (1 қыз, 2 ұл) құлдықта болғанын айтқан еді. Оларды күшпен құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды. Балалар патронаттық отбасында тәрбиеленген.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz