- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде қанша адам...
Елімізде қанша адам “жаман ауруға“ шалдыққан?
Елімізде қанша адам қатерлі ісікке шалдыққан? Онкология қатысты тарифтің төмендеуіне қатысты өзгеріс қалай жүзеге асады? Massaget.kz тілшісі статистиканы білу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне сауал жолдады.
Қанша адам есепте тұр?
Министрліктің мәліметінше, бүгінде республика бойынша қатерлі ісіктен 227 409 науқас есепте тұр. Оның ішінде:
- 14 жасқа дейінгі балалар – 2582;
- ересектер – 225 683.
Жыл сайын 41519 мыңнан аса адамда қатерлі ісік анықталады. Оның ішінде – 17 907 ер адам, 23 612 әйел адам.
Онкологияға қатысты тарифтің төмендеуіне өзгеріс қалай жүзеге асады?
"Қазақстан орталықтарында ең озық технологиялар, сәулелік, лазерлік, протондық және ядролық медицина бөлімшелерінде ем ұсынылатын болады. Мультидисциплинарлық тәсіл негізінде емделушілер шетелге шықпай-ақ, Қазақстан аумағында ерте диагностикадан жоғары технологиялық емдеуге және оңалтуға дейінгі медициналық көмектің барлық кешенін ала алады", – делінген жауапта.
Биыл 1 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісікке қатысты статистика ұсынған еді.
2022 жылы бұл ауруға 20 миллион адам шалдығып, оның 9,7 миллионы жан тапсырған. Келтірілген дерек бойынша, 9 ер адамның 1-і және 12 әйелдің 1-і қайтыс болып жатады.
Статистика бойынша, 2022 жылы қатерлі ісіктің ең көп таралған үш түрі: өкпе обыры, сүт безі обыры мен колоректальды қатерлі ісік.
Еске салайық, бұған дейін диетолог дәрігер қатерлі ісіктен қорғайтын сусынды атаған еді.
Диетолог Олег Кривченков мүкжидек суы қатерлі ісіктің бірнеше түрінің даму қаупін төмендететінін айтты. Олардың ішінде асқазан-ішек аурулары, сондай-ақ простата, глиобластома, лимфома аурулары бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек