Елімізде қанша адам ең төменгі жалақы алады?

Елімізде қанша адам ең төменгі жалақы алады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда қанша адам ең төменгі жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанда 1 млн 800 адам ең төменгі жалақы 85 мың теңге алып жүр. Оның ішінде – шамамен 361 мыңы азаматтық жұмысшылар", - деді Светлана Жақыпова.

Министр АӘК алушылардың саны да тоқталды.

"2023 жылдың соңында 571 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алса, қазір оны алатындардың саны 380 мыңнан асты", - деді ведомство басшысы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен