Елімізде соңғы жылдары аты мен тегін өзгерткендер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Massaget.kz тілшісі осы орайда Әділет министрлігіне аты мен тегін, әкесінің атын өзгерткендердің статистикасын сұрап, ресми сауал жолдаған еді.
"АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне сәйкес
2020 жылы – 9 280,
2021 жылы – 12 767,
2022 жылы – 12 207 атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазба тіркелген.
"2024 жылдан бастап АХАТ бөлімдерімен Т.А.Ә ауыстыру бойынша жеке азаматтық хал актісі тіркелмейтіндіктен, халықтың аты-жөнінің өзгеруі туралы статистиканы ұсыну мүмкін емес", - делінген ресми жауапта.
Әділет министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен мемлекеттік тіркеу түрі алынып тасталған. Яғни, қазір азаматтардың тегін өзгерту туралы құжат берілмейді. Сондай-ақ, АХАТ бөлімдерімен тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру бойынша жеке азаматтық хал актісі тіркелмейді.
"2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздік пен білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң) мемлекеттік тіркеу түрі алынып тасталды, қандай деректер өзгеретініне байланысты туу туралы куәлікте, некені қию, некені бұзу туралы куәлікте өзгерістер көрсетіледі (осыған сәйкес, азаматтардың Т.А.Ә өзгеруі туралы құжат алынып тасталды)", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз