- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде жолаушылар пойызы...
Елімізде жолаушылар пойызы вагондарының қанша пайызы кондиционермен жабдықталған
Елімізде жолаушылар пойызы вагондарының қанша пайызы кондиционер жүйесімен жабдықталғаны туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2,1 мыңнан астам вагон жалпы автопарктің 78 пайызы кондиционер жүйесімен жабдықталған.
"22 пайыз вагондарда өндірушінің дизайнында қарастырылмаған. Мұндай көліктерде апатты жағдайдан басқа барлық кезде терезе ашуға болады. Кондиционер жоқ вагондар алдағы жылдарда қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тасталынады. Барлық заманауи вагондар қазірдің өзінде кондиционерлермен жабдықталған", - деді компания өкілдері.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025-2030 жылдар аралығында Қазақстанға 537 жаңа вагон келетінін хабарлады. Олар кондиционермен, бейнебақылау камерасымен, экологиялық таза дәретханалармен, электр розеткаларымен және кіріктірілген USB-мен жабдықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек